Меню KDT

logo.jpg?_=1749555022

КГУ «им. Абая» Шуйского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Мектебімізде жүргізіліп жатқан сабақты зерттеу тәсілі – мектептегі мұғалім тәжірибесі саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған, іс – әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады. Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық білімді жетілдіру, оқу бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау. Бұл жерде басты назарда «сабақты зерделеу» тұрады. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі педагогикалық тәсілді, оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игергендігін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі: сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талдауды қамти отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, соның нәтижесінде түпкі мақсат-оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды көздейді. Осы орайда ІІІ топ мұғалімдері Татыбекова П орыс тілі , Рахымжанова А математика, Байжалиева Т тарих, Абитинова К биология пәндерінен зерттеу сабақтар циклы өткізілді.   

                  

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки