"Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық есебі.
1-қазан қарттар күні мерекесіне орай «Қамқорлық тобы» қарттардың үйіне барып үй шаруаларына көмектесіп,алғыстарын алып қайтты.
Қаңтар
Отбасылық ән –айту дәстүрін сақтауға бағытталған «Отбасы таланттар» байқауы 1-6 сыныптар аралығында байқау ұйымдастырылды .Мақсаты дарынды балаларды анықтап,шығармашылық қолдау көрсету ,әншілік қасиеттерін ,өнерге деген құштарлығын ояту.Ата -ана мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату .
«Қазақ ертегілері» атты аудандық сурет байқауының «Жас суретшілер» номинациясы бойынша, Абай атындағы орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Мұқанәлі Зере ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 7 «А» сынып оқушысы Кеңес Сезім «Алғыс хатпен» марапатталды.



Шу ауданы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік тәлімгер – 2025» атты тәлімгерлік шеберлік байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы Абай атындағы орта мектебінің аға тәлімгері Сағындық Назгүл Якувқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ертегілерді оқу дәстүрлерін сақтауға ,мәдени мұраларды ұрпақтан ұрпаққа беруге бағытталған « Мен оқыған бір ертегі » байқауы 2-4 сыныптар арасында байқау өткізілді.
Мақсаты : ертегілерді оқу арқылы білім ашушылардың тіліндегі сөздік қорын молайту ,ой өрісін кеңейтіп ана тілімізде таза сөйлеуге машықтандыру .Білім алушылар ертегілерді жарыса айтып ,мадақтама ,алғыс хат қағазымен марапатталды.

Жас ұрпақтытабиғатты аялауға, Жас Ұландықтар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында өткізілген «Дармарка – заттарға екінші өмір сыйла» аудандық акциясына балсене қатысқаны үшін Абай атындағы орта мектебінің білім алушылары Мұратқызы Інжу мен Сәбит Кәусар Алғыс хатпен марапатталды.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Жас Ұланның – ЖҰЛДЫЗЫ» атты патриоттық ән байқауына белсене қатысқаны үшін Абай атындағы орта мектебінің білім алушылары Тәжімұрат Баян мен Мұратқызы Інжуалғыс хатпен марапатталды.

Сәуір
Қамқор жобасы аясында « Түлектердің ағаш егуі»экочеленджі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қоршаған ортаны таза ұстау ,экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру

Мамыр
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 2-10 сынып білім алушылары арасында «Бейбітшіл – ел тілегі » тақырыбында фестиваль өтті.Іс- шара барысында барлық сыныптар ұлттарға бөлініп ,сол ұлттың биін билеп ,әр түрлі тілдерде құттықтауларын айтты.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушыларымен ауыл саябағындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішті тазалау жұмыстарын жүргізіп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үлестерін қосты.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Жас Ұлан» ұйымымен бірге жалғыз басты қарт кісілерге көмек көрсетіліп, жайлы орта қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары жүргізіліп, көмек берілді.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Жас сарбаз» сапта жүріп ән салу байқауы өтті.Мектепте жас ұрпақты ұйымшылдыққа ,тәртіпке ,патриоттық рухқа тәрбиелеуде 2-10 сыныптар арасында мектепшілік сапта жүруі ұйымдастырылып өтті.
Бұл шара оқушылардың әскери дайындық негіздерін меңгеру ,басшылыққа бағыну, дәлдік пен реттілікті сақтау сияқты қасиеттерін шыңдауға арналған .


«Жас Ұланға» қабылдау
Абай атындағы орта мектебінде «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиыны өткізілді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды.
Оқушылар ән арнап, өлең шумақтарын оқып, ортаға шығып АНТ қабылдады.
Мектеп директоры Байгисиева Айжан Адилханқызы оқушыларымызды құттықтап, алдағы уақытта да белсенділік танытып, оқуда озат болуға шақырды.
Оқушыларға сертификаттар табысталды.

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!
Абай атындағы орта мектебінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Мектебіміздің ер азаматтарын құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйладық.
Мақсаты: Отан қорғаушылар күні туралы мағлұмат беру. Қазақсатан Қарулы Күштерінің құрылуы мен маңызын түсіндіру, елін,жерін қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелеу.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні!
Абай атындағы орта мектебінде Отбасы күніне арналған «Біз біргеміз» атты тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып, керемет көңіл күй сыйлады. Барлығы отбасы жылуын, бірлігін айшықтай түсті.
Осындай іс-шаралар – ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің тығыз байланысын арттыруға бағытталған маңызды қадам!
Жол полиция қызметкері Байтасов Ғазизді еске алуға арналған ХХ облыстық «Жас жол инспекторлары» слет-байқауының аймақтық кезеңінде Абай атындағы орта мектебі жүлделі ІІІ орын дипломымен марапатталды
Аталған іс-шараға 6-сынып оқушылары қатысты.
Егемен еліміздің өскелең ұрпағына ұлттық құндылықтар мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін, азаматтық болмысын қалыптастыруға және аудандық балалар мен жасөспірімлер ұйымын дамытуға қосқан үлесі үшін Абай атындағы орта мектебінің аға тәлімгері Сағындық Назгүл алғыс хатпен марапатталды.
