Меню KDT

logo.jpg?_=1749555022

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектебімізде жүргізіліп жатқан сабақты зерттеу тәсілі – мектептегі мұғалім тәжірибесі саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған, іс – әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады. Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық білімді жетілдіру, оқу бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау. Бұл жерде басты назарда «сабақты зерделеу» тұрады. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі педагогикалық тәсілді, оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игергендігін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі: сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талдауды қамти отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, соның нәтижесінде түпкі мақсат-оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды көздейді. Осы орайда ІІІ топ мұғалімдері Татыбекова П орыс тілі , Рахымжанова А математика, Байжалиева Т тарих, Абитинова К биология пәндерінен зерттеу сабақтар циклы өткізілді.   

    Аудандық семинар-практикум

    Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда цифрландыру мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану мақсатында "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім алушылардың оқу, зерттеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында аудандық семинар- практикум өтті. Мектеп директоры А.А.Байгисиева қатысушыларға семинар мақсаты мен барысын таныстырды. Мектеп психологы «Сыни ойлау -табысты оқудың кілті» атты тренинг өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадраймова А. 6-сынып білім алушыларымен "Қазақтың дастарханы", Айтжанова А. 7-сынып білім алушыларымен "Жау тылындағы бала" тақырыптарында тәжірибелік сабақтар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадраймова А. «Қазақ тілі мен әдебиетін шығармашылық және заманауи әдістерін оқытудағы тың тәсілдер: авторлық бағдарламаны іске асыру" атты шеберлік сынып өткізді. "Әдебиет әлемі: сөз маржаны мен саз өрнегі үндестігі" тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері А.Қ.Байжолова семинарды қорытындылап, белсенді ат салысқан педагогтарды арнайы аудандық білім бөлімінің сертификаты мен алғыс хаттарымен марапаттады.
      

    Орыс тілі мен әдебиеті және шетел тілі пәндерінде білім алушылардың функционалдық,цифрлық сауаттылығын дамыту арқылы білім сапасын арттыру мақсатында «Орыс тілі мен әдебиеті және шетел тілі пәндерінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жасанды интеллект қолдану» тақырыбында аудандық семинар- практикум өтті. Мектеп директоры А.А.Байгисиева қатысушыларға семинар мақсаты мен барысын таныстырды. Мектеп психологы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Қарым-қатынас жарастығы» атты тренинг өткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Ж.Абитинова «Функционалдық сауаттылық- сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында таныстырылым жүргізді. 9-сынып мұғалімі П.Қ.Татыбекова орыс тілі пәнінен «В.Астафьев «Деревья растут для всех» Знаки препинания в СП, 6-сынып мұғалімі Қ. К.Нұражиева ағылшын тілі пәнінен « Er tostik», 3-сынып мұғалімдері А.Д.Қиланова, З. Марат «Великий Абай» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қ.Нұражиева «Жасанды интеллект» құралдарын дұрыс қолдану және сабаққа тиімді әдіс тәсіл» атты шеберлік сынып өткізді. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.К.Булекбаева семинарды қорытындылап, белсенді ат салысқан педагогтарды арнайы аудандық білім бөлімінің сертификаты мен алғыс хаттарымен марапаттады.


         

    Lesson Study зерттеу жұмысы

    Абай атындағы орта мектебі
    Мақсаты:Оқушылардың білім сапасын арттыру және жақсарту үшін оқыту әдістемесін жетілдіру, интербелсенді әдістерді сабақта қолдану, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту.
    Нәтижесі: Зерттелуші сыныптың білім сапасын көтеру. Бастауыш сынып мұғалімдерінен V фокус топ құрылып, 2«А» сынып оқушыларымен зерттеу жұмысы жүргізілді. Lesson Study мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру, дамытуға ынтымақтастық тәсіл болып табылады.

     

    Мектепте жүргізіліп жатқан сабақты зерттеу тәсілі – мектептегі мұғалім тәжірибесі саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған, іс – әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады. Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық білімді жетілдіру, оқу бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау. Бұл жерде басты назарда «сабақты зерделеу» тұрады. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі педагогикалық тәсілді, оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игергендігін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі: сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талдауды қамти отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, соның нәтижесінде түпкі мақсат-оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды көздейді. Осы орайда 10-сынып оқушыларымен ІІ фокус топ мұғалімдері Айтжанова Алмагүл қазақ әдебиетінен, Айткулова Айжан информатика пәндерінен зерттеу сабақтар циклы өткізілді.
        

    Жас мамандар онкүндігі өткізілді

    Абай атындағы орта мектебінде жас мамандардың біліктілігін, жан-жақты кәсіби шеберлігін анықтау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында, мектептің оқу әдістемелік жұмыстар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған онкүндіктің ашылуы өтті.

      

    2023-2024 оқу жылына арналған " Топжарған " ғылыми қоғамының жұмыс жоспары

    2023-2024 оқу жылы
                                    2023-2024 оқу жылына арналған " Топжарған " ғылыми қоғамының  жұмыс жоспары

    Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    2023-2024 оқу жылына арналған дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

    ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:

    Заманталабынасайбәсекегеқабілетті, білімді,іскер,ойлаужүйесі дамыған,адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.

    МІНДЕТІ:

    • Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.
    • Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.
    • Оқушының ақыл–ой қабілетін жетілдіру;
    • Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;
    • Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімімен ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.
    • Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.

    ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
    • дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
    • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
    • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
    • дарынды оқушының ғылыми–ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
    • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
    • сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
    • оқушы дарындылығының моделін білу;
    • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
    • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштері мен байланысына да көңіл бөлу;
    • дарынды оқушылардың ерекшелігін екере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білу

    Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жұмыс жоспары

    Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жұмыс жоспары

    Тақырыбы:«Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»

     Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты:Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім, тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру арқылы шығармашылық топтардың   жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің  ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.

     Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

    -         Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру;

    -         Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту;

    -         Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.

    -         Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу.

    -         Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.

    -         Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу.

    -         Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету

    -         Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.

    Жұмыс нысандары: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар.

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки