Меню KDT

logo.jpg?_=1749555022

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    2024-2025 оқу жылында атқарылған психологиялық қызмет жұмысының жылдық есебі

    2024-2025  оқу жылында атқарылған психологиялық қызмет жұмысының жылдық есебі.

    Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру.

    Міндеттері:

        Оқу –тәрбие процесіне  оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына

    жәрдемдесу, олардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, оң дүниетанымын және ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;

        Оқушылардың  әлеуметтік және аутодеструктивті жүріс –тұрыс көріністерін анықтау және алдын алу;

        Педагогтарға әлеуметтік-психологиялық диагностика  негізінде оқушылардың жеке жұмыс жасаудың тәсілін ұйымдастыру процесінде көмек көрсету;

    2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫ КЕЛЕСІДЕЙ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛДЫ:

    1. білім беру процесіне қатысушыларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
    2. Білім беру ұйымының психологиялық қызметінің құрамы туралы бұйрық, аутодеструктивті мінез-құлықты балаларға арналған іс-шараларды өткізу фактілері бойынша тез шешім қабылдау топ құру туралы бұйрық бекітіліп, мектеп ұжымына 1 педагогикалық кеңесте бұйрық пен қызмет құрамы таныстырылды.

    Психологиялық  қызметтің  бағыттары:

    І.  Диагностикалау

    ІІ. Түзету-дамыту жұмысы

    ІІІ. Профилактика және психологиялық ағарту

    ІҮ. Консультация беру

    Ү. Ұйымдастыру –әдістемелік жұмыс

    Мектептің психологиялык кызыметінің жұмыс бөліктері:

     * оқушылармен жұмыс

     * мұғалімдермен жұмыс

     * ата-аналармен жұмыс

    Диагностикалау

    Қыркүйек айында:

    Бейімделу бірінші сынып оқушыларының ішкі өзгерістерімен байланысты. Олардың оқушының ішкі позициясының қалыптасуы, жас дағдарысына байланысты денесінің қайта құрылуы, психикалық функциялардың жаңа деңгейлерінің дамуы, осы кезендегі баланың жалпы эмоционалдық күйі.

    Баланың әлеуметтік бейімделуі оны жаңа әлеуметтік рөлге үйретеді. Бала құрдастарымен, мұғалімдермен сөйлесуді үйренеді. Ата-анамен де қарым-қатынасы өзгереді. Өйткені ол қазір «өте үлкен», ол қазірдің өзінде бірінші сынып оқушысы, яғни оған деген көзқарас басқаша. Жаңа режим, денедегі стресстің жоғарлауы, тіпті оның жеке эмоционалдық тәжірибесі де денсаулыққа әсер етуі мүмкін.

    Мектепте  2024-2025 оқу жылында   1 «а» сыныбы бойынша Жоғары деңгей –          6 оқушы    40  %, Орта деңгей-        6    оқушы       40   %,  Орташадан төмен -     3  оқушы  - 20    %.  

    1 «ә» сыныбы бойынша  ж оғары деңгей –          15 оқушы   40   %

    Орта деңгей-        7  оқушы        46  %, Орташадан төмен -    2  оқушы    14  %.  

    «Оқушы болған қалай екен?» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында «Сұрақ-жауап » жаттығуы арқылы сөйлеу тілдері, «Орман жануарлар қонақта», «Сыйлық» жаттығуы арқылы  белсенділіктері, қарым-қатынастары байқалды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сынып жетекшілерге сыныптағы оқушыларға сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін  /р, ш, с,  дыбыстарының дұрыс айтылмауы, сөздердің дұрыс айтылмауы / ата-аналарына логопедке жүгінуге ұсыныстар берілді. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі тақырыбында ата-аналарға кеңес беріліп, бейнетаныстырылым көрсетілді.

    Бастауыш сыныптан орта буынға сәтті бейімдеуіне келесі жұмыстар жүргізілді. Ата-аналарға  «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында таныстырылым арқылы ағарту жұмысы жүргізіліп, кеңес берілді.

    Оқу мотивациясын анықтау бойынша  сауалнама жүргізілді.

    Нәтижесінде:

     

    Оқушы саны

    Жауаптарының интерпретациясы

    Жоғары деңгей 30-25 балл

    Ортаңғы  деңгей

    20-24 балл

    Төменгі деңгей

    10-14 балл

    1

    39 оқушы

      4 оқушы- 13%

      27 оқушы-  84  %

        1  оқушы-     3%

    .

     

    Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде -4 оқушы- 13%, орта деңгейде –27 оқушы-84%,   төменгі деңгейде -1 оқушы – 3 % оқушының көрсеткіштері  сай болды.

    10 –сыныптың бейімделуін бақылау бойынша Филипс тесті жүргізілді.

    Тесттің нәтижесі бойынша 10- сынып  оқушыларының бейімделу кезде көп деген өзгерістерге ұшырамаған,  оқу үргерімі қалыпты.

    Білім алушылардың отбасымен қарым-қатынасын, зорлық-зомбылықты анықтау 8-11 сынып оқушыларынан жыл бойы тапсырыс бойынша сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде ешқандай жағдай анықталған жоқ.

    Қазан айында:

             Сыныптың ұйымшылдығы мен қарым-қатынасын анықтау мақсатында  ДЖ.Морена әдістемесі бойынша «Социометриялық зерттеу әдісі» тақырыбында жүргізілген психодиагностикалық зерттеу жұмысының қорытындысы шығарылап ,сынып жетекшілеріне ұсыныс жіберілді.

    5-9 сынып оқушыларынан  «Оқушының  мектепке, сабақтарға және мұғалімдерге  деген  көзқарасы» анықтау мақсатында  О.Иллейдің әдістемесі жүргізілді.

    9-11 сынып білім алушыларынан Гарднердің көптік зият теориясына сай қабілеттілікті анықтау тесті жүргізілді.Нәтижесінде білім алушылардың қабілеттері анықталды.

    5-11 сынып білім алушыларына «Бестерек» жобасы аясында далалық зеттеу жұмысын жүргізілді.

             Қараша айында:

    Жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушыларына Кондаш тесті жүргізілді. Нәтижесінде өте жоғары, жоғары деңгейдегі мазасыздық деңгейдегі оқушылар анықталған жоқ.

             Желтоқсан айында:

    3-4 сынып білім алушыларының оқу мотивациясын анықтау мақсатында

    4- сынып білім алушыларының «Оқу мотивациясын анықтау»сауалнамаcының нәтижесі:

     

    Оқушы саны

    Жауаптарының интерпретациясы

    Жоғары деңгей 30-25 балл

    Ортаңғы  деңгей

    20-24 балл

    Төменгі деңгей

    10-14 балл

    1

    39 оқушы

       3 оқушы- 11%

      24 оқушы-  89  %

    -----.

     

     

    Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде -3 оқушы- 11%,орта деңгейде –24 оқушы-89% оқушының көрсеткіштері  сай болды.  3- сынып білім алушыларының «Оқу мотивациясын анықтау»сауалнама нәтижесі

     

     

    Оқушы саны

    Жауаптарының интерпретациясы

    Жоғары деңгей 30-25 балл

    Ортаңғы  деңгей

    20-24 балл

    Төменгі деңгей

    10-14 балл

    1

    39 оқушы

       6 оқушы- 37%

      9 оқушы-  63  %

    -----.

     

    Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде -6 оқушы- 37%,орта деңгейде –9 оқушы-63 % оқушының көрсеткіштері  сай болды.

             Қаңтар айында:

     2-4 сынып оқушыларының танымдық процестерін анықтау мақсатында «Штур» тесті жүргізілді.

    Ақпан айында 9-11 сынып оқушыларына « Жетістікке жету жолы» Р.С. Немовтың сауалнамасы жүргізілді.

             Наурыз айында: «Зорлық-зомбылық пен буллингтің   алдын алу бойынша» жасырын сауалнама алынды нәтижесінде зорлық –зомбылық пен буллингтің құрбандары болған оқушылар анықталған жоқ.

    Сәуір айында: «Ата-ананың мектепке деген қөзқарасы  мен қарым-қатынасы» тақырыбында сауалнама жүргізілді.

    Нәтижесінде:

    Білім беру қызметінің  сапасынына қанағаттанатын ата-аналардың үлесінің     мониторингісі

    Білім беру қызметінің  сапасынына қанағаттанатын ата-аналардың үлесі  75 % көрсетті.  Ата-аналардың мектептегі білім беру қызметіне деген көзқарасы жоғары деңгейде екендігі анықталды.

    ІІ. Түзету-дамыту жұмысы

    Қыркүйек айында «Алақай! Мен 1 -ші сыныпта оқимын!»  тақырыбында1-ші  сыныпқа  арналған бейіндік  жаттығулар мен тренингтер жүргізілді

        

    Қазан айында оқушыларының  мазасыздық деңгейін төмендету мақсатында  «Біздің 5 - сыныптағы тұлғалық дамуымыз» тақырыбында  тренинг жүргізілді.

     

     

                8-9 сынып оқушылары арасында   «Өмір құндылығы» тақырыбында түсіндірме жұмысы психопрофилактикалық жұмысы жүргізілді.

    «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында  7-11 сынып қыздарына тренинг жүргізілді.

    Қараша айында  6-11 сынып оқушыларымен  «Күйзелістің алдын алу жолдары», «Стресті қалай  басқарамыз?» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында жайлы психологиялық климат орнату және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту жұмыстары жүргізілді

         

    Бастауыш сынып білім алушыларының танымдық процестері мен  тұлғалық-мотивациялық аймағын дамыту  және  өз-өзіне деген  сенімділікті  арттыруға арналған  ойындар  мен  жаттығулар жүргізілді.

    Желтоқсан айында «Зорлық –зомбылықсыз отбасы бақыт мекені», «Мен өмірді сүйемін»,  «Жетістікке жету өз қолында»   тақырыптарында ата-аналар мен оқушылар арасында таныстырылым мен бейнероликтер көрсетілді.

           

             Қаңтар айында  11 – сынып оқушыларына «Мен өз болашағымды  өзім  құрастырам» тақырыбында тренинг, 1-4 сынып оқушыларына нейрогимнастикалық жаттығулар жүргізілді.

             Ақпан айында 9- 11 сынып оқушыларына  «Сенімділік күш береді»,  Наурыз айында 8- сынып оқушыларына  «Мен жеке тұлғамын» , Сәуір айында  11- сынып оқушыларына  ҰБТ-ға  психологиялық дайындық»  , Мамыр айында  9-11 сынып оқушыларына « Сенімділік серігің» тренинг, жаттығулар,  ойындар, бейнероликтер көрсетілді.

        

     

          

     

     

       ІІІ. Профилактика және психологиялық ағарту

    Оқушыларды жаңа оқу жылында бейімделуін оқуға дайындығын  «Баланы  тәрбиелеуде ата-ананың рөлі және психологиялық қолдау» , Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу  мақсатында «Сенім телефон»   «Сенім жәшігі» орналастыру,  Оқушының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ғаламтор қауіпсіздігі» «Кибербуллинг деген не?» тақырыптарында ата-аналар мен оқушыларға  /видеоролик / жаднама таратылып , кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Жаднамаға мектеп психологының ұялы телефоны көрсетілді. Кез келген уақытта психологпен жыл бойы байланысуға, кеңес алуға деген мүмкіндік берілді.  Жаднама сынып жетекшісінің көмегімен барлық ата-аналарға таратылды.

     

       -            

    8-11 сыныптың қыздары арасында «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» ,Ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында арнайы постерлер мен роликтерді ата-аналар чаты мен мектеп сайдтары арқылы тарату және таратпа нұсқаулықтар шығарып, таратуды ұйымдастырылды.

    Ата-аналар мен оқушылар арсында «Зорлық-зомбылықсыз балалық  шақ» , «Жасөспірімдер  арасында  зиянды  заттардың  алдын алу» тақырыптарында таныстырылмдар көрсетіліп, жұмыстар жүргізілді.

         

    10-11 сынып оқушыларына «Салауатты өмір салты»  тақырыбында ағарту жұмысы жүргізілді.

    Құқық бұзушылықты алдын алу мақсактында «Қыздар мен ұлдар арасындағы өзара қарым-қатынас »тақырыбында тренинг жүргізілді.«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналарға  баяндама оқылып, түсіндірме, ағарту жұмыстары жүргізілді. «Баланыздың мамандық таңдауына ықпал жасайсыз ба?» тақырыбында 9, 11 сыып ата-аналарына таныстырылм көрсетіліп, кеңес берілді.

        

    1-11 сынып ата-аналарына «Менің отбасым» отбасындағы қолайсыз жағдайлардың алдын алу  мақсатында бейнеролик көрсетіліп, ағарту жұмысы жүргізілді.

     «Қызым саған айтамын...» тақырыбында қыздармен  медбикемен  кездесу ұйымдастырылп, бейнеролик көрсетіліп, кеңес беру жұмысы жүргізілді..

    «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арыламыз?» тақырыбында 11- сынып оқушыларының ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.

                

    «Аутодеструктивті мінез-құлқы байқалған оқушыларға көмек көрсету кезіндегі бірлескен  іс әрекет» тақырыбында білім алушылардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру, кәмелеттік жасқа толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу мақсатында ағарту, таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдерге аутодеструктивті мінез-құлықтың туындау себептері, белгілері, т.б. назар аудару керектігін ескертті. Кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға қатысты ақпараттармен танысты, егер суицид әрекетінің орын алу қаупі байқалған жағдайда тез аралықта мобильді топ мүшелеріне хабарлау жүргізілсін және алғашқы психологиялық көмек көрсетілсін.

             ІҮ. Консультация беру

    «Баланы мектепке оқытуға бейімдеу» 1-сынып оқушылардың ата-аналарына, «5 - сынып оқушыларының бейімделуі». ата-аналарға топтық  кеңес берілді.

    Оқушылар мен ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивтік мінез құлықтың алын алу мақсатында «Күйзелістің алдын алу жолдары» тақырыбында     жеке  және топтық   психопрофилактикалық кеңес берілді.

    Балаға  эмоциясын  жеңуге  қалай  көмектесуге  болады? «Бала біздің болашағымыз» тақырыптарында ата-аналарға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

    9- 11 сынып оқушыларына «Жетістікке жету өз қолыңда» Мақсаты: Емтиханға дайындық кезінде оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен  кеңестер беріліп,бейне роликтер көрсетілді. Сонымен қатар үнемі сынып жетекшілердің және ата-аналардың сұранысы бойынша жеке кеңестер, топтық сыныппен тренинг-жаттығулар өткізіліп тұрады.  

             Ү. Ұйымдастыру –әдістемелік жұмыс

    Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті, девиантты мінез-құлықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізілді.

    Жалпы  білім беру ұйымдарында  психологиялық кеңес беру айлығы ұйымдастырылды.

     

    Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен ұстаздың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.

     

     

    "Психологиялық кеңес беру айлығы" 2024-2025 оқу жылы

    2025-02-14
    Психологиялық кеңес беру айлығы

    Іс-шара атауы

    Орындалуы туралы мәлімет (мәтінмен)

    Мерзімі

    Қатысушылар саны

    Өткізілетін іс-шараларды әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, YouTube және т.б.) жариялануы

    Оқушылар

    Ата-аналар

    Педагогтер

     

     

     

     

     

     

    1

     

    «Жақсы тілек айту күні» мектебіміздің білім алушылары, ДТІЖО А.Рахымжанова психологиялық айлық ашылуы өтті.

     

    83

     

     

    https://www.facebook.com/share/v/1DMamoREmP/

    2

     

    «Жақсы тілек айту күні» мектеп білім алушылары көбелектерге жүрек жарды тілектерін жазып, білдірді.

     

    78

     

     

    https://www.facebook.com/share/p/1CFf3CBpvL/

    3

    «Обьективте-тек қана позитив» Сыныппен фотосуреттер көрмесі  5-11 сынып

    «Сезім және эмоция» күні психологтар, білім алушылармен фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды.

     

    78

     

     

    https://www.facebook.com/share/p/1CFf3CBpvL/

    4

    «Өмір қымбатсың маған» эсселер байқауы

    7-10 сынып

    «Сезім және эмоция» күні 7-10 сынып оқушылары арасында эссе жаздырылды.

     

    114

     

     

    https://www.facebook.com/share/p/1CFf3CBpvL/

    5

    «Жақыныңнан жылы сөз» тақырыбында оқушының отбасы мүшелерінен видеоүндеулер көрсету.

    АДП, буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мұғалімдердің сауаттылығын арттыру.

    Мектеп ата-аналарына тренинг-сабақ ұйымдастыру

    «Отбасы» күні оқушының отбасы мүшелерінен видеоүндеулер жасалып, көрсетілді.

     

     

    АДП, буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

     

     

    «Отбасы» күніне мектебіміздің ата-аналарына тренинг сабақ өткізілді.

     

    27

     

     

     

     

     

     

     

    20

     

     

    6

    «Қарым-қатынас жасай білесіз бе?» мектеп мұғалімдеріне тренинг

    «Қарым-қатынас» күні мектеп ұжымына «Қарым-қатынас жасай білесіз бе?» тақырыбында тренинг өтілді.

     

    20

     

     

     

    7

    «Үміт, сенім бізді алға жетелейді» 11-сынып оқушыларымен тренинг

    «Қарым-қатынас» күніне 11-сынып оқушыларымен «Үміт, сенім бізді алға жетелейді» тақырыбында тренинг өтілді.

     

    13

     

     

     

    8

    Психологиялық ойындар-жаттығулар 5-10 сынып

    «Біріміз бәріміз үшін-бәріміз біріміз үшін» күні 5-11 сынып білім алушылармен психологиялық ойын-жаттығулар өтілді.

     

    78

     

     

    https://www.facebook.com/share/p/19JrC5a5S1/

    9

    Сауалнама алу

     Психологиялық кеңес беру

     

    «Психолог сағат» күні 8-11 сынып білімгерлерінен сауалнама алынып, психологиялық кеңестер берілді.

     

    83

     

     

     

    10

    Үнпарақтар тарату

    «Психолог сағат» күні ата-аналарға баланың сезімін түсініп, оларға қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнатуды насихаттау мақсатында үнпарақтар таратылды.

     

     

    28

     

     

    11

    «Кез келген мәселенің шешімі табылады»; «Мен ертеңіме сенемін»; «Жанында жүр жақсы адам» тақырыбында видеоролик байқауы.

    «Психологиялық денсаулықты насихаттау және эмоционалдық денсаулықты сақтау» күні 9- сынып білім алушылары «Кез келген мәселенің шешімі табылады»; «Мен ертеңіме сенемін»; «Жанында жүр жақсы адам» тақырыбында видеоролик байқауына қатысты.

     

    28

     

     

    https://www.instagram.com/reel/DGC4cl-Mg0N/?igsh=cWY5N2FlNGN1b2N5

     

     

    https://www.instagram.com/reel/DF-nfP0MuuL/?igsh=cmh2bTBpd3YxN2xm

    12

     

    Мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен 5-11 сынып оқушыларына интелектуалды сайыс

    Айлықтың жабылу салтанаты

    «Өмір теңіз жүзем онда демеңіз-ізгіліктен жасамаса кемеңіз» күні мектеп оқушыларына интелектуалды сайыс ұйымдастырып, жеңімпаздарды мараппаттады.

     

     

     

     

     

     

     

    45

     

     

     




    «Кел, дос болайық!» акциясын ұйымдастыру бойынша психологиялық қолдау орталығының арнайы тренингтердің жүргізілуі

    2024-11-11

    Тренингтің тақырыбы

    Мақсаты

    Мерзімі

    Сыныбы

    Оқушы саны

    Өткізілетін іс-шараларды әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, YouTube және т.б.) жариялануы

    Фото есеп

    1

    «Достық қымбат өмірде!»

    Тренинг қатысушыларға шынайы достықтың құндылығын түсіндіруге, достық қарым-қатынастарды нығайтуға, өзара сенім мен қолдау көрсетуге үйретуге бағытталған. Тренинг барысында қатысушылар достықтың мәнін ұғынып, оған қажетті дағдыларды дамыту жолдарын үйренеді.

    11.11.2024 жыл

    9 сынып

    28

    https://www.facebook.com/share/p/1D1zLc3fGB/

     

     

    2

    «Достық – татулықтан басталады»

    Қатысушылар арасында татулық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға, бір-бірін түсініп, құрметтеуге үйрету. Тренинг достықтың негізін татулық құрайтынын көрсетіп, қатысушылардың әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге және қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.


    12.11.2024 жыл

    10 сынып

    14

     

    https://www.facebook.com/share/p/1D1zLc3fGB/

     

     

    3

    «Достық шеңбері»

    Қатысушылар арасында сенім мен шынайылық атмосферасын қалыптастыру, достық қарым-қатынас орнатуға үйрету. Тренинг достықтың мәнін түсінуге, бір-біріне қолдау көрсетуге және эмоциялық байланысты нығайтуға бағытталған.

    13.11.2024 жыл 

    11 сынып

    13

    https://www.facebook.com/share/p/1D1zLc3fGB/

     

     

     

     

     

    Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру және әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен жұмыс жоспарының орындалуы

    2023-2024 оқу жылы
    Буллинг, кибербуллинг жағдайларын уақытылы анықтау, зорлық-зомбылықты, өзін-өзі бұзатын мінез-құлықты болдырмау.

    Психологиялық кеңес беру айлығы

    Психологиялық кеңес беру айлығы

    1 және 5- сыныптардың бейімделу кезеңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау

    2023-2024 оқужылы
    1 және 5- сыныптардың бейімделу кезеңінде жаңа тақырыптарды меңгерудегі қиындықтарды анықтау.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки